«Ұстаз – мәртебелі мамандық» атты іс- шара

Дөң орта мектебінде 5 қазан күні ұстаздар қауымына арналған «Ұстаз – мәртебелі мамандық» атты концерт өтті. Концертке ардагер ұстаздар шақырылды. Алғашқы сөз кезегі мектеп диреторы Жекеева Алтынай Шоқылқызына берілді. Мектеп директоры өз атынан мектеп ұстаздарын марапаттады. Концерт барысында мектептің кәсіподақ төрайымы Иржанова Шара Боранбаевна сөз алып, ардагер ұстаздарға сыйлық таратты. Концертте оқушылар мұғалімдерге арнап өз өнерлерін көрсетті. Іс- шара соңында ұстаздарға жақсы көңіл – күй сылау мақсатында мектептің жас әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Тірі дәліз» өткізілді.