Дөң орта мектебі халықаралық отбасы күні қарсаңында қоғамда отбасының ролін арттыру,жас ұрпақты өз халқының салт-дәстүрін,тарихын құрметтеуге тәрбиелеу,оның рухани қалыптасы мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа мектеп мұғалімдері,оқушылары және ата-аналар қатысты. Сайысқа бес отбасы қатысты. Іс-шарада отбасылар өздерін таныстырып салт-дәстүрден көрініс көрсетіп,өз өнерлерімен сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге Елентаевтар отбасы, І орынға Ауесхановтар,ІІ орынға Тұрлыбаевтар отбасы, ІІІ орынға Қайратжановтар отбасы ие болып, сайыс соңында мақтау грамоталары және сыйлықтармен марапатталды.