25.05.2018 ж Дөң орта мектебінде «Сыңғырла,соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» аясында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың бастамасымен биылғы жыл Балалар жылы болып атанып, «Бақытты бала» жобасы бастау алды. Жоба аясында балалардың толыққанды дамуы үшін барлық жағдай жасалмақ. Сонымен қатар атаулы күннің бірі бас қаламыз Астанаға 20 жыл! Биылғы соңғы қоңырау жиынына Аудандық Ішкі Саясат бөлімінің бас маманы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы, Аудандық Білім бөлімінің әдіскері Марат Сымбат Жолайқызы және Дөң ауылдық округінің әкімі Аккулов Ербол Избасканович шақырылды. Соңғы қоңырау жиынының барысында мектебіміздің аудандық,облыстық,республикалық деңгейде өз шығармашылықтарын көрсетіп жүрген және мектебіміздің үздік оқушылары арнайы дипломмен сонымен қатар мақтау қағаздарымен марапатталынды. Салтанатты жиынға куә болған құрметті қонақтарымыз ауыл тұрғындарына,оқушыларға,ұстаздарға және биылғы жылғы мектеп түлектеріне өздерінің ыстық тілектерің білдірді. Сонымен қатар мұғалім –мектептің жүрегі демекші биылғы оқу жылында шығармашыл ұстаздарымыз да мектеп директорының арнайы мақтау қағазымен марапатталынды. Мектеп түлктерінің класс жетекшісі Искендирова Сарбиназ Қайырбайқызы құттықтау сөз сөйлеп,түлектерге сәт сапар тіледі. Ал ата-аналар тарапынан құттықтау сөз Самратова Нұрила Құсайынқызына берілді. Ол өз сөзінде мектептің ұстаздарына үлкен алғыс айтып,түлектерге ақ жол тіледі. Келесі құттықтау сөз кезегі 2008 жылы Дөң орта мектебін бітірген түлектер атынан Манаспаева Айтолқын Мухамбетовнаға берілді. Ол сонау 10 жыл бітірген түлектердің атынан тігін машинасы мен принтерді ыстық ұя мектебіне табыс етті. Білім ордасының алтын кілтін биылғы жылғы мектеп түлегіміз Бахыткаримова Альбина өздерінің ізін басқалы тұрған 10 класс оқушысы Мұханбет Нұрдаулетке салтанатты түрде табыс етті. Салтанатты жиынымыздың ең қызықты да,ең толғандырар минуттарында мектеп түлектері де құр қалмады. Олар мектеп ұстаздарына үлкен алғыстарын білідіріп,биылғы түлектер биін паш етіп, алтын ұя мектебіне дәлізге қоятын гүл сыйлады. Биылғы салтанатты жиынымыздың соңғы қоңырау соғу рәсімі 11 класс түлектері атынан Тасқынбай Гүлзат және Мырзабай Ернарға берілсе,1 класс бүлдіршіндері атынан Есенгалиев Ернұр мен Сергиенко Ангелинаға берілді. «Сыңғырла,соңғы қоңырау» салтанатты жиын әрі қарай мерекелік ән мен жалғасын тапты.