“Алғыс айту” күні

Дөң орта мектебінде 27 ақпан мен 1 наурыз күндер аралығында “Алғыс айт” атты іс – шараның жоспары құрылып, мектеп директорларына бекітілді. Іс – шараның басты мақсаты ризашылық пен алғы туралы түсінік бере отырып,оқушыларды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбмелеу.”Сіз кімге алғыс айтар едіңіз?” тақырыбында блиц – сауалнама және хат тарату акциясы Жас Ұланның ұйымының қатысуымен ұйымдастырылды.Бекітілген жоспарға сай “Ұстазыма рахмет!” тақырыбында 8-10 класс оқушылары аралығында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің мақсаты оқушыларға ата – анасы құрмет білдіруге, ризашылығын көрсету білуге үйрету және түсіндіру.
Сонымен қатар “Қазақстан – біздің ортақ үйіміз” тақырыптық қолөнер мен суреттер, фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар жоспарға сәйкес мектепшілік “Елбасына алғысымыз шексіз” шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Сонымен қатар бекітілген жоспарға сай “Туған жерге тағызым” акциясы бойынша “Туған жерім,тұғырым – Қазақстан” тақырыбында осыдан 10 жыл бітірген мектеп түлектерімен кездесу кеші өтті. Мектебіміздің кітапханашысы Курманова К.С ұйымдастыруымен “Алғыс айту – асыл қасиет” кітап көрмесі өтті. Сонымен қатар “Жас Ұлан” біріңғай балалар ұйымының ұйымдастыруымен “Алғыс алған арымас” тақырыппен флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа 8-10 класс оқушылары белсене қатысты. Және де мектебіміздің ұйымдастырушы – педагогы “Рахмет!” атты жәшік қойып, әр бала өз құрдастарына, ата – аналарына, ұстаздарына арнап хат “Жас Ұлан” балалар ұйымының арқасына иелеріне таратылды.
Алғыс айту күні “Рахмет” айту күні, бұл мереке барлық елдерде тойланады. Ал біздің мектебіміздің 1-11 класс оқушылары 1 наурыз күні барлық мұғалімдерге алғыс білдірді. Ал мұғалімдер мектебіміздің оқушыларына риза болды.