Дөң орта мектебінде ақпан айының 23 күні дәстүрге айналған “Туған жерім, тұғырым – Қазақстан” атты кездесу кеші өтті. Кешке білім ордасынан осыдан 10 жыл бітірген түлектер шақырылды. Алтын ұя мектебіне үлкен сағынышпен оралған түлектер өздерінің он жыл бойы парталарына отырып, мектеп ішін аралады. Қадірлі түлектермен мектеп оқушылары көңілді ән мен күй сыйлап, би билеп, неше түрлі қызықты ойындар ойнатылып, сұрақтар қойылды.Мектепке келген 10 жылдық түлектердің атынан ОмаровЕ, Алмасова М.А сөз алып, мектеп ұжымы мен оқушыларға тартымды кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, түлектер келешекте мектепке “Туған жерге тағызым” акциясында көмек көрсететіндігін айтты.Түлектерге мектебіміздің ұжымы, 11 жыл бойы оқытқан ұзтазы тілектер айтып, жылы лебіздерімен түлектерді шығарып салды.