Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылыдығына орай Дөң орта мектебінде “Жүрегім толы мейірім”, “Жақсылық жасауға асық” тақырыптарында қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.Мектеп қабырғасында білім алатын ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасларындағы оқушыларға көмек көрсетіп, қол ұшын беру мақсатында өткізілген “Жүрегім толы мейірім”, “Жақсылық жасауға асық” акцияларына Дөң ауылдық әкімшілігі мен Дөң орта мектебінің ұжымы белсене атсалысты. Аталмыш акциялар барысында барлығы 33 оқушы қамтылып,193 000 көлемінде көмек көрсетіліп, азық – түлік қоржындары, қысқы сырт киім, аяқ киім, бас киім, қолғаптар, спорттық киімдер, сөмке және оқу құралдар сыйға тартылды. Сонымен қатар, акцияға жиналғандарға мектеп оқушылары “Тәуелсіздік тұғырым” атты мерекелік концерттік бағдарламаларын тарту етіп, мерекелік көңіл – күй сыйлады.