Дөң орта мектебі бойынша «Ұстаздар күні» мерекесінің аталынып өтілуі туралы


Анықтама
Дөң орта мектебінде «Ұстаз – ұлағатты есім» атты тақырыпта ұстаздар мерекесі аталынып өтілді. Мерекелік іс-шара «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен өтілді. Мерекелік іс-шараның бастамасы ұстаз зейнеткерлері сөз бастап, мектеп директорының құттықтау сөзімен жалғасты. Барлық ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап,жас мамандарымызға, ұстаздарға арнайы грамота берді. Ұйым оқушылары көптеген ұстаздарға байланысты «Ұстазым», «Мектебім» т.б өлең шырқап,би билеп және түрлі қызықты өнерлерін көрсете алды. Мерекенің ең басты қызығы барлық мектеп ұжымы «Жас Ұлан» балалар ұйымы ұстаз зейнеткерлерлерге қызықты сұрақтар қойылып, ұстаздарға да қызықты билет таратылды.Сонымен қатар мектеп оқушылары зейнеттегі ұстаздарымызға арнайы сыйлықтар таратты. Зейнеттегі ұстаздарымызоқушыларға өз ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар мерекелік іс-шара «Мұғалімді құттықта!»республикалық акциясыбойынша жұмыстар жүргізілді.Өзін өзі басқару күні өткізілді.Ардагер ұстаздарды құттықтап, көмек көрсетілді. Ватцап бойынша мұғалімдер күніне арналған құттықтаулар «Жас Ұлан» балалар ұйымы жолдады.Сонымен қатар мектебімізде ұстаздар күніне орай мұғалімдер арасында «Көңілді старт» атты тақырыпта спорттық сайыс түрлерінен жарыс өтті. Іс –шараның мақсаты мектеп мұғалімдері арасында мәдени өмір мен спорттық дамуы, достастықты нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. «Көңілді старт» спорттық сайысы ұйымдастырылып, шара өте тартысты өтті.Сайысқа мектеп қызметкерлерінен құралған «Достық», «Олимп», «Барыс», топтары қатысып берілген 4 шарт бойынша тартысты ойын өрнегін көрсетті.Шеңбер ішінде ұйымдасқан ұжым боп 5 адамнан құралған 4 топ өнер көрсетті, барлық қатысушылар көрермендер қошеметіне бөленді. Сайыс соңында шарттарды шапшаң, қатесіз және ептіліктерін көрсетіп ойын көрсеткен «Барыс» тобы 1 орын, «Олимп» тобы 2 орын, «Достық» тобы 3 орынға ие болды, және жарысқа қатысқан бүкіл қатысушыларға сертификат қағаздары табысталды.