Дөң орта мектебінде тағыда 2017-2018 оқу жылына арналған 1 қыркүйек- Білім күні «Армысың, алтын-ұя-мектебім» аты салтанатты жиын өткізілді. Жиынға 1-11класс оқушылары, класс жетекшілер және арнайы қонақтар шақырылды. Салтанатты жиынға Дөң ауылдық округінің әкімі Избастин Еламан Сержанұлы, аудан білім бөлімінің әдіскері Исмайлова Маржан Мараткановна, аудандық жастар ресусының басшысы Есекенова Сауле Адилбековна шақырылды. Салтанатты жиында халықаралық ЕХРО-2017 көрмесі, қоғам қайраткері, жерлесіміз Дербісәлі Беркімбаев атамыздың 180-жылдығы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 20 жыл, «Алаш» партиясының құрылуының 100 жылдық мерейтойы туралы айтылды.
2017-2018 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына бірінші,екінші, бесінші, жетінші сыныптар көшетіндігі айтылды және Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конститутциялардың бірі де аталынып өтті.
Яғни, өркениеттің озық деңгейін бағындыратын, қоғамның келбетін жаңарта түсетін – білім. Сондықтан, кемел келешекке бағыт алған мемлекеттің даму жолындағы ұтымды әрекеттерінің негізгісі осы салаға көңіл бөлу екендігі баршамызға белгілі. Бүгінде әр аймақ,аудан,ауыл,әр ұжым,ел азаматтары,барша халық осынау мерейлі мерекені лайықты қарсы алу жолында жұмыла еңбек етуде..Сонымен қатар «Бала-біздің болашағымыз,егеменді еліміздің ертеңі.Мектептің,ата-ананың мақтанышы»- демекші Елбасы Н.Ә Назарбаевтың бүлдіршіндерге арналған сыйлық кітаптары таратылынды.Биылғы жылдың алғашқы қоңырау соғу рәсім 1- ші класс оқушылары –Аманиязова Айару және Ерметьев Максим, 11 класс оқушылары Мукатай Акежанға және Төлеуғазы Ақниет берілді.
Салтанатты жиын әрі қарай «Мен өз елімнің патриотымын» атты ашық сабақтармен жалғасты.