Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» Хромтау ауданының білім бөлімі» ММ «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ-де
1.Ағылшын тілі педагог лауазымына (уақытша бос лауазым)
қабылдауға конкурс жарияланады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21ақпандағы №57 бұйрығына енгізілген өзгеріс (ҚР Оқу ағарту министрінің 15.08.2023 № 259)
3-тарау, 1-параграф,11-қосымша (педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы) бойынша өтеді.
Мекеме атауы:«Ақтөбе облысының білім басқармасы,Хромтау ауданының білім бөлімі » ММ-нің «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері
Хромтау қаласы Дөң ауылы Бейбітшілік 50.
Эл. поштасы: don_shkola@mail.ru, don_shkola@mail.kz
Мектеп сайты: don.edu.kz
Телефон номері:
8/71/336/41-2-25
8-705-444-24-88
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13шілдедегі №338 бұйрығымен (өзгерісі 07.08.2023жылы ) бекітілген.
Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф, 64,66-тармақтар барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды ескеру.
Қажетті құжаттар:
1)осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат(идентификация үшін)
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4)педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелер;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген)
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатаның болуы туралы куәлік (бар болса);
10)ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты – 60-65 балл.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13шілдедегі №338 бұйрығымен (өзгерісі 07.08.2023 жылы) бекітілген.
Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф, 64,66-тармақтар барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды ескеру.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Құжаттарды тапсыратын орын:Қабылдау бөлмесі: 1қабат №1
Хабарландыру мектептің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланды.
Еңбек ақы мөлшері: 150-200 мың:
Уақытша қабылдау мерзімі: 1жыл
Бос лауазымның атауы: Ағылшын тілі педагог лауазымына (уақытша бос лауазым)
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24 желтоқсан 2024жыл – 06 қаңтар 2025 жыл.
(хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелінеді )
Конкурсқа қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды мектептің қабылдау бөлмесіне электронды немесе қағаз түрінде тапсыруыңыз сұралады.
Эл. поштасы: don_shkola@mail.ru, don_shkola@mail.kz, Мектеп сайты: don.edu.kz.