Дөң мектеп гимназиясының тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері
Мектептің тәрбие мақсаты:
Ұлттық сана –сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан патриотты тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
— Оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтарға тарту, сол құндылықтарға сәйкес мінез-құлығын тәрбиелеу;
— Оқушының ұлттық санасын қалыптастыру;
— Отанға,халқына деген құрмет, мақтаныш ұялату, ұлттық рухын дамыту;
— Ана тілін, тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдени-мұраларын қастерлеу;
— Салауатты, қабілетті, іскер, білімді, жауапкершілігі мол тұлға тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысы
Білім берудің басым бағыттарының бірі тәрбие жұмыстарының әлеуетін күшейту болып табылады. «Қазақстан — 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», — деп көрсеткен болатын.
Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.
Тәрбие балалардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасайды.
Дөң орта мектебінің тәрбие жұмысы Білім және ғылым Министрінің 22 сәуір 2015 жылғы №227 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұырымдамасында 8 бағыты ұсынылған. Ақтөбе облысысының білім басқармасының 2015 жылғы 01 қыркүйек № 733 тәрбие жұмысының жоспарына толықтыру енгізілді, 9 бағыт топтастырылды. Жоспар тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып құрылды.