28 желтоқсан күні Дөң ауылдық округінде жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды.Шараға ауылдық округ әкімі Аккулов Ербол Избасканович қатысып,тұрғындарды және балаларды мерекемен құттықтап,балаларға жаңа жылдық сыйлықтарды табыстады.Сонымен қатар, ауыл әкімі мүмкіндігі шектеулі,ата – ананың қамқорынсыз қалған және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға жаңа жылдық сыйлықтарды үйлерді аралап жүріп табыстады.Мерекемен құттықтап,балаларға қуаныш сыйлағаны үшін ата – аналар ауыл әкіміне алғыстарын жаудырып,ризашылықтарын білдірді.