7 қараша күні Дөң орта мектебінде “Салауатты тұрмыс салты – маңызды сүннет” атты тақырыпта Ақтөбе имамдары арасында футбол турнирі өтті.Шараның жабылу салтанатына Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исембайұлы қатысты.Елбасы өзінің кезекті жолдауында халықты салаутты өмір салтына баулып,спортқа бейімдеу керектігін айтқан болатын.Осы мақсатта облыс имамдары арасында футболдан турнир өтіп отыр.Ойындар өте қызықты өтуде.Жарыста жеңімпаз атанған командаларды құттықтаймын, – деп аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исембайұлы жеңіс тұғырынан көрінген командаларға алғыс хат,медальдар мени арнайы кубокты табыстады.Жарыс қорытындысы бойынша І орынды “Нұр – ғасыр” мешітінің командасы иеленсе,ІІ орынды Ақтөбе қаласы орталық мешітінің командасы жеңіп алды.Ал,Хромтау аудандық “Нұр” мешітінің командасы ІІІ орынды қанағат тұтты.



