Дөң орта мекебінде Қарттар күніне байланысты үлкен іс- шара өтті. Бұл іс –шараның басты мақсаты оқушылардың бойына халқының асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – басын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Осыған орай мектеп ұжымы және мектеп оқушылары ауыл қарттарына арнап «Қазыналы, қарттарым, мақтанышым!» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Концертке ауыл үлкендері шақырылды. Концерт соңында Дөң ауылының әкімі Аккулов Ербол Избасканович қарттарға арнап шағын мерекелік сыйлықтар таратты. Келген қонақтар мектеп ұжымына және оқушыларға өз ризашылықтарын білдірдіріп, батасын берді.