“Қамқоршылық кеңесінің” жұмысы туралы есебі

Дөң орта мектебінде «Қамқоршылық кеңесі» 2017 жылдың қыркүйек айында құрылып, жоспарға сай жұмыстар жүргізуде. Қыркүйек айында әр түрлі санаттағы отбасылардан 30 өтініш қабылданған болатын. Осы санаттағы 30 оқушының барлығы тегін ыстық тамақпен қамтылып, әр түрлі көмектер алды. Сонымен қатар Республикалық «Мектепке жол» акциясы барысында жақсы жұмыс атқарылды. Демеушілермен тығыз байланыс жасап, жалпы көмек берген сомасы 489 431 теңге.
Желтоқсан айында «Жүрегім толы мейірім», «Жақсылық жасауға асық» қайырымдылқ акцияларын ұйымдастырып, мектептің ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, азқамтылған отбасынан шыққан, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға жалпы сомасы 193 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар балалардың ең сүйіп күтетін Жаңа жыл мерекесі. Жаңа жыл ертеңгіліктерінде түрлі тәттілер, сыйлықтар таратылды.
Мектептегі қамқоршылық кеңесі мектептің әр түрлі ішкі және сыртқы қоғамдық жұмыстарына да әрқашан араласып, мектеп ұжымымен байланыста болады.

«Дөң орта мектебі» КММ директоры Жекеева А.Ш.