Дөң орта мектебінде бекітілген жоспарға сай көктемгі каникул кезінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Бақытты бала» жобасы аясында мектепшілік оқушылар арасында волейболдан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты: дене тәрбиесі саласында насихаттау жұмысын күшейиу; салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс қорытындысы бойынша І орынға 11 қазақ класы, ІІ орынға 10 қазақ класы, ІІІ орынға 8-9 қазақ класы, ІV орынға 7 қазақ класы ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды.