Ақтөбе облысы бойынша аутист балалардың «Растемка» ата –аналар қауымдастығының бастамасымен «Жанашырлыққа -жан риза» атты мерекелік шара өткізілді.Алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Сейітмағанбет Шілманов аудан әкімшілігінің ерекше балаларға әрдайым көмек қолын созуға дайын екендігін жеткізді. Шара кезінде ауыл өнерпаздары кеш қонақтарының көңілін көтеріп, шағын концерт пен қолөнер туындыларының көрмесін ұйымдастырса, таэквондо үйірмесінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті. Сондай – ақ, Қауымдастық өкілдері мен аудандағы өзге де аутист балалардың ата – аналары арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылып, достық кездесу өткізілді.
Мерекелік шара соңында да қонақтарға ауыл әкімі Еламан Ізбастин мен аудандық аурухананың дәрігері Жолдас Қамбаров сыйлықтар үлестірсе, мектеп ұжымы дастархан жайып, дәм татқызды.