Дөң орта мектебінде «Армысың, алтын күз» атты тақырыпта мерекелік іс – шара ұйымдастырылды. Іс – шараға 8- 10 класс оқушылары белсене қатысты. Мерекелік іс – шара қазан айының 14 күні өтті. «Армысың, алтын күз» 8 кезеңнен тұрды. Олар:
1.Таныстыру
2.Өнер сайысы(Ән айту, би билеу,көрініс, пародия)
3 Көрме.Үй тапсырмасы (Өз шығармашылықтары бойынша қолөнербұйымдары немесе күзгі дақылдардан бейне жасау)
4. Сән үлгісі.
5.Мерекелік дастархан мәзірі (Салат дайындау)
6. «Білгенге –маржан» (Сұрақ- жауап бөлімі)
7.Ханшайым мен ханзада
8. Қорытынды
Сонымен қатар, арнайы әділ қазы алқасы құрылды. Олар:
1. Оқу ісінің орынбасары: Достаева Ж.Ғ
2. Психолог:Митонова Г.А
3. Әлеуметтік педагог:Басауова А.С
Жоғары да атылған 8 кезеңде өз өнерлерімен шығармашылығымен ерекше көзге түскен 9 қазақ класс оқушылары Тойманов Ержан мен Канафиева Гүлсезім «Ең үздік ханзада мен ханшайым» номинациясына ие болды. ІІ орын 10 қазақ класс оқушылары және ІІІ орын 8қазақ класс оқушылары арнайы дипломмен марапатталды.
Мектебімізде 5- 7 класс оқушылар арасында І орын 6 «а» класс оқушылары, ІІ орынды 5 «ә», 6 «б» класс оқушылары,ІІІ орынды 5 «а», 6 «ә» класс оқушылары, «Ең үздік «Ханзада мен Ханшайым» номинациясын 5 «б» класс оқушылары, «Ең үздік экибано» номинациясын 7 «ә» класс оқушылары, «Ең үздік өнер» номинациясын 7 «а» класс оқушылары мадақтамамен марапатталды.