Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей терең болып келеді.Міне осындай теңеуге лайық қарттарымызға құрметпен, сый –сыяпат көрсету мақсатында мұғалімдер және мектеп оқушылары 1 қазан қарттар күні қарсаңында ауылда тұратын көмекке мұқтаж қарияларға Сағынбаева Б, Диханбаева М.К, Постникова Л.Е. Куряшова В ,Темофеева М.П т.б қарияларға үйлеріне барып, үй шаруашылықтарына қол көмегін көрсетті. Сонымен бірге мектеп ұжымы мен ауыл әкімшілігі бірігіп «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік дастархан жайып құрмет көрсетті. Мерекелік дастарханды мектеп оқушылары мен өнерпаз мұғалімдердің мерекелік концертпен ұласты. Көрсетілген құрметке риза болған еңбек ардагері, қаржы зейнеткер Бажаканов Қайырбай ата жиналған қарттардың атынан ризашылығын білдірді. Ауыл қарттарын мерекелерімен Хромтау аудандық маслихаттың хатшысы Мулдашев Дәурен Хайрудинович құттықтады. Еліміздің өркендеуіне, бейбіт өмір сүруіне өз үлестерін қосқан, ардақты да аяулы қарттарымыз жас ұрпағына үлгі өнеге бола білген.