Дөң орта мектебі бойынша Тілдер күні мерекесіне орай арнайы жоспар құрылып мектеп басшысына бекітілді. Мақсаты:қазақ тілі мәртебесін көтеру,тұлғаның мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру және тілдік белсенділіктерін жоғарылатуға ынталандыру. Жоспарға сай қыркүйек айында тілдер мерекесінің мектепшілік ашылу салтанаты өткізілді. Мектеп кітапханашысы Курманова К.С «Тіл тұмар-бір шынар» атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды.Сонымен қатар 5-7 класс оқушылары аралығында қабырға газеттері шығарылынып ілінді. Қазақ тілі және орыс тілі пән мұғалімдері «Мәңгілік тіл-қалыптасқан мемлкеттің тірегі», «Тілдік норма және жаңа қолданыстар», «Великиий,могучий русский язык» атты тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.Жоспарға сәйкес қазан айында қазақ тілі және ағылшын пән мұғалімдері «Дарынды боламын……», «The wonderful world of English » тақырыптарында кіріктірілген сабақатар өтікізілді.