Дөң орта мектебі бойынша «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша түлектермен кездесу кешінің өтілуі туралы мәлімет
Дөң орта мектебі 26.05.2017ж күні Аудандық Білім бөлімінің №514 шығыс хатына сәйкес және «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 1977,1987,1997,2007 және 2017 жылғы мерейлі мектеп түлектерімен кездесу кешің ұйымдастырды.
«Ел Президенті,Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әркімге өзінің туған жері-жерұйық.» Ауыл-біздің табан тірер жеріміз, тұғырымыз.Біз сол кәусар бұлақтан білім алып,елдің тарихын,салт-ғұрпын ішімізге сыйдырып жүрген халықпыз.Ауыл-халық руханиятының алтын діңгегі,мәдениеттің мәйегі,дәстүрдің басталатын жері» деген сөздері әр саналы азаматқа ой салары сөзсіз. Ел басының сондай-ақ, «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын,табиғатын танудан,адамдарын ардақтаудан басталады » деген ұлағатты сөзі «Туған жерге тағзым» акциясы жобасының жалғасуына арқау болары сөзсіз. Бүгінгі мектеп түлектерімен кездесу кешінің барысында Дөң орта мектебінің директоры Жекеева Алтынай Шоқылқызы құттықтау сөз сөйлеп «Туған елге тағзым ету парызым,туған жерге қызмет ету қарызым» дейтін жомарт жандар үшін игі бастама екенің айта кетті. Сонымен қатар мектеп әдіскері Баярстанов Серғазы Қасайұлы сөз алып «Бүгінгі күн кешегінің жемісі,ертеңгінің болмысы» дей отырып мектеп оқушыларының жетістікренің айтып, түлектерге алғыс білдірді. Мерекелік кеште мектеп түлегі Идирисова Айым барша келген қонақтарға арнап биылғы жылғы мектеп түлектерінің атынан ән шашуының тарту етті. Сонымен қатар биылғы жылғы түлектер мектеп ұстаздарына,жиналған түлектерге арнап «Түлектер вальс» биін тарту етті.Құрметпенен шақырылған түлектеріміз мектеп дәлізіне арналған қабырға картинасын және гүл себеттерін және құны 23.000 т тұратын принтер сыйға тарту етті. Мерекелік кездесу кеші әрі қарай ән,би шашулармен жалғасын тапты.

«Дөң орта мектебі» КММ директоры: Жекеева А.Ш