Дөң орта мектебі бойынша «Сыңғырла,соңғы қоңырау» салтанатты жиынының атап өтілуі туралы мәлімет
Дөң орта мектебінде тағы бір оқу жылы аяқталды. Соңғы қоңырау салтанатты жиыны Дөң орта мектебінде мамыр айының 24.05-25.05.2017ж күндері аталып өтілді.Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Биылғы соңғы қоңырау жиынына Аудан әкімінің орынбасары Альжанов Рустам Бақытұлы, Аудандық Білім бөлімінің әдіскері Раева Айман Баймурзиевна және Дөң ауылдық округінің әкімі Тұрлыбаев Дәурен Қойбағарұлы шақырылды. Соңғы қоңырау жиынының барысында мектебіміздің аудандық,облыстық,республикалық деңгейде өз шығармашылықтарын көрсетіп жүрген және мектебіміздің үздік оқушылары арнайы дипломмен сонымен қатар мақтау қағаздарымен марапатталынды. Салтанатты жиынға куә болған құрметті қонақтарымыз ауыл тұрғындарына,оқушыларға,ұстаздарға және биылғы жылғы мектеп түлектеріне өздерінің ыстық тілектерің білдірді. Сонымен қатар мұғалім –мектептің жүрегі демекші биылғы оқу жылында шығармашыл ұстаздарымыз да мектеп директорының арнайы мақтау қағазымен марапатталынды. Мектеп түлктерінің класс жетекшілер атынан Кусантаева Дәурия Зинитқызы құттықтау сөз сөйлеп,түлектерге сәт сапар тіледі. Ал ата-аналар тарапынан құттықтау сөз Сергиенко Юлия Владимировнаға берілді.Ол өз сөзінде мектептің ұстаздарына үлкен алғыс айтып,түлектерге ақ жол тіледі. Білім ордасының алтын кілтің биылғы жылғы мектеп түлегіміз Қалиева Нүргүл өздерінің ізін басқалы тұрған 10 класс оқушысы Бақыткаримова Альбинаға салтанатты түрде табыс етті. Салтанатты жиынымыздың ең қызықты да,ең толғандырар минуттарында мектеп түлектері де құр қалмады. Олар мектеп ұстаздарына үлкен алғыстарың білідіріп,биылғы түлектер биін паш етті. Биылғы салтанатты жиынымыздың соңғы қоңырау соғу рәсімі 11 класс түлектері атынан Достай Әсемгүл және Байшуаков Рүстемге берілсе,1 класс бүлдіршіндері атынан Дроков Дмитрий мен Бексарина Нұрайға берілді. «Сыңғырла,соңғы қоңырау» салтанатты жиын әрі қарай мерекелік ән мен жалғасын тапты.
«Дөң орта мектебі » КММ директоры: Жекеева А.Ш