Дөң  орта мектебі бойынша 7 мамыр Отан қорғаушы күні  және 9 мамыр  Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мерекесінің аталынып өтілуі туралы мәлімет

           Дөң орта мектебінде 7 мамыр Отан  қорғаушылар күніне және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай арнайы жоспар құрылып бекітілді. Құрылған жоспарға сай мектепте  іс-шаралар өтілді. «Ардағым,ардагерім» акциясы ұйымдастырылып  5-10 класс оқушылары өз класс жетекшілермен қарттарға көмек көрсетті. Сонымен кітапханышының ұйымдастыруымен  шағын орталық және Дөң ауылының  «Бәйтерек» бала бақшысының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Жеңіс күнің жақындатқандар» атты кітап көрмесі өтілді. Мектебіміздің тіл мамандары 7-10 класс оқушылары арасында «Напиши письмо нейзвестному солдату» атты шығарма шығару конкурысын ұйымдастырды.Конкурыстың  жеңімпазы болған оқушылар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталынды. Класс жетекшілер «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар»  « Біз ел қорғаушысымыз!», « Жеңіске 72 жыл» т.б  тақырыптарда класс сағаттарын өткізді.  Сонымен қатар  «Ұлы Жеңіске -72 жыл» атты тақырыпта мектеп алаңында 9-11 класс оқушылары арасында арнайы саптық  шеруі  іс-шара жиыны  ұйымдастырылды. Іс –шара барысы Мемлекеттік Әнұранмен басталды.  Мектеп директоры Жекеева А.Ш барлық жиналған қауымды ,ұстаздарды, оқушыларымызды  7 мамыр Отан Қорғаушы және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен құттықтап ,өзінің және мектеп ұстаздарының атынан игі тілегің білдірді. Сонымен қатар  Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан даңқты жерлесіміз С.Қ.Тұрлыбаевтың ескерткішіне арнайы гүл шоқтары қойылып, кешегі қанды майданда  зұлмат жаумен ұрпақтар үшін шайқасқан, ажалға қарсы тік тұрған  ардагерлерімізге 1 минут үнсіздік жарияланды.Оқушылар саптық шерумен ән салып, түрлі тактикалық өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар мектеп директоры ҚР Республикасының Қорғаныс Министрлігінің Шақыру учаскесіне тіркеу туарлы куәліктерді табыстап, 2016-2017 оқу жылында  әскери-патриоттық жағынан  жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушыларымыз арнайы мақтау қағаздарымен марапатталынды. Мерекелік іс-шара әрі қарай  әдемі әндермен, өлен жолдарымен өз жалғасын тапты.