Дөң орта мектебі Хромтау аудандық білім бөлімінің 2017 жылғы 13 сәуіріндегі № 398 хаты негізінде  халықаралық отбасы күні қарсаңында қоғамда отбасының ролін арттыру,жас ұрпақты өз халқының салт-дәстүрін,тарихын құрметтеуге тәрбиелеу,оның рухани қалыптасы мақсатында 15 сәуір күні  «Бақытты отбасы» атты  отбасы фестивальін ұйымдастырды. Фестивальға  мектеп мұғалімдері,оқушылары және ата-аналар қатысты. Аталған іс-шараға  сайыс  түрінде өткізілді. Сайысқа  бес отбасы қатысты. Іс-шарада  отбасылар  өздерін таныстырып салт-дәстүрден  көрініс көрсетіп,өз өнерлерімен сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша  үш отбасы І,ІІ,ІІІ жүлделі орындарға ие болды, екі отбасы «Шығармашыл» және «Замануи» атты номинацияларға ие болды. Іс-шара соңында   қатысушылар мен көрермендердің орындауында «Жанұям» әні шырқалды және «Бақытты отбасы» бейне ролигі көрсетілді. Сонымен қатар  мектепте 5-10 класс оқушылары «Отбасы-өмір айнасы» қабырға газеттерін шығарды.