«Дөң орта мектебі» КММ 2016-2017 оқу жылындағы өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Митонова Гульден Анарбековнаның мұғалімдер семинары бойынша рефлексивті есебі.
«Дөң орта мектебі» КММ 27.03.2017 күні «Жалпыадамзаттық құндылықтар мектептегі үздіксіз педагогикалық үдерістің негізі» тақырыбында мұғалімдермен семинар өтті. Семинарға қатысушылар саны: 13 мұғалім. Мұғалімдерден алдын ала сауалнама алынған болатын. Семинар барысында да сауалнама алынды. Семинар «Нұрға бөлену» тыныштық сәтінен басталды. Мұғалімдер тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісті. Бұл жерде әріптесім Ургенишбаева Айсұлудың «Таңертеңгісін үйден жолдасымен ренжісіп шығып едім, тыныштық сәтінде «Нұрды баршаға бағыттаңыз» деген дерінде өзімнің жолдасыма бағыттадым, себебі болмас затқа ренжісіп, өзімнің де, оның да көңіл-күйімізді түсіріп, енді соған байланысты ішкі тыныштығым бұзылып отыр еді», – деді. Өзге мұғалімдер шынымен де денеміз жеңілдеп қалған тәрізді болдық деп әсерлерімен бөлісті. Келесі сөзімді бағдарлмаманың психологиялық-педагогикалық негіздерін ашу үшін: әдемі үйлеріміз бар, бірақ іші бос, жағдайымыз бар, бірақ уақытымыз жоқ, әлемдегі дағдарыс туралы сөз қозғалды. Мұғалімдер бұл жерде де белсенділік танытып жатты, шынымен де адамдардың материалдық жағына көбіне мән беруі туралы айтса, мектебіміздің кітапханашысы Курманова Күлипа апай «Біз өзімізге емес, өзгелерге көп көңіл бөлеміз, өзімізді танымаймыз екен. Күн туса, тезірек кеш батса екен дейміз, бірақ өміріміздің өтіп бара жатқанын сезінбейміз. Күнбе күн істегенімізге, айтқандарымызға есеп бермейміз. Біреуге қатты сөйлеп, ренжітіп алмадық па, біреудің сөзін дұрыс тыңдамадық па, балаларымыздың «күніңді қалай өткіздің» деп сұрамадық па деген ойлар басыма келіп отыр. Шынымен де кішігірім бақытты сәттреге мән бермейтін болғанбыз, оны тіпті байқамаймыз да. Әдемі киім, тәтті тамақ, қымбат заттар алу барысында ғана қуанып – шаттанамыз» деген сөзі мені де, өзгелерді де қатты ойландырды. Осындай пікірлер айта отырып, семинарымыз өз жалғасын әрі қарай тапты. Мен әріптестеріме Абсолюттік (мәңгілік) құндылықтар туралы «ағаш» және оның қасиеттері туралы «күн» арқылы мағлұмат бердім. Тұлғалардың сөздеріне аз ғана тоқталып өттік. Иманкулова Салтанат өзінің «Мен әзіл түсінбейтін жандарданмын, егер мен бар жерде өзгелер қалдындап мен туралы сөз қозғаса, мен ренішімді білдіретінмін, ал енді өзіме-өзім қиянат жасағанымды біліп, енді тек қана позитивтікті естуге, көруге ғана тырысамын» деді.
Мұғалімнің рөлі, стилі туралы айту барысында «Расписание на послезавтра» видеотаспасы көрсетілді. Семинар барысында мұғалімдерге мынадый сұрақ қойылды: «Өзіңізді қай стильдегі мұғаліммін деп санайсыз?». Мұнда Календиров Азірхан ағайдың «Мұғлімнің рөлі өте маңызды, біз балаларға жанды білім беру үшін, оларды ең бірніші түсініп, мектептің, мұғалімнің болашақта да маңыздылығын, орнының ерекшелігін түсіндіріп өтуіміз керек. Кейде әрине оқушыларымыз ойымыздан шықпай жатады, бірақ соған қарамастан біз оларды сол күйінде жақсы көре білсек, түсіне білсек, жүрегіне жол таба білсек, нұр үсітен нұр болар еді», – деді. Искендтрова Сарбиназ математика пәнінің мұғалімі: «Басқа пәндермен интеграциялауға болатын сияқты, бірақ математика пәнімен қиындау сияқты» деген сұрақ қойған болатын. Менің жауабым: «Бағдарламада жаратылыстану бағытындағы сабақтармен ықпалдастыру тиімділігі туралы айтылған. Гуманитарлық сабақтар барысында біз ауызша болса да, тәрбиелік міндетін орындаймыз, ал жаратылыстану бағытындағы сабақтарда ол кейде орындалмайды. Мысалы геометриялық фигураларды адамның бойындағы қасмһиеттермен, жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстыруға болады. Түзуді алсақ, оны түзу жолмен байланыстыра аламыз…»
Мұғалімдерге арналған семинарым жақсы дәрежеде өтті. Әріптестерім беленділік танытып, ән де айтып, өз ойларымен де бөлісіп, ұсыныстарын айтып жатты. Мені семинар барысында шабыттырған, ол мұғалімдердің қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, семинардан өздеріне көп қажетті ойлар алғандары. Мен де ұстаздарға жоспар бойынша дайындағанымды жеткізе алдым, олардлың сауалдарға берген жауаптарына қанағаттандым, ең кереметі, мәңгілік құндылықтар туралы ой сала білдім. Мұғалімдер тарапынан осындай семинарлар жиі өтіп, осындай қажетті ойлар туралы айтып тұру қажеттіліктері бар.