Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы                  ХАБАРЛАНДЫРУ.

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» Хромтау ауданының білім бөлімі» ММ «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ-де

  1. Педагог-кәсіби бағдар беруші –тұрақты 1 ставка қабылдауға конкурс жарияланады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2025 жылғы 31 наурыз №57  және Қазақстан Республикасы Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау  министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы

3-тарау (педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы) бойынша өтеді.

Мекеме атауы:«Ақтөбе облысының білім басқармасы,Хромтау ауданының білім бөлімі » ММ-нің «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ

Білім беру ұйымының орналасқан жері

Хромтау қаласы Дөң ауылы Бейбітшілік 50.

Эл. поштасы: don_shkola@mail.ru, don_shkola@mail.kz

Мектеп сайты: don.edu.kz

Телефон номері:

8/71/336/41-2-25

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13шілдедегі №338 бұйрығымен (өзгерісі 07.08.2023ж) бекітілген.

Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф, 64,66-тармақтар барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен  біліктілікке қойылатын талаптарды ескеру.

Лауазымдық міндеттері:

мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;

білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;

қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;

кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;

 

кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;

белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;

балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

  1. Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология;

психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;

компьютерлік сауаттылық, оқу процесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

педагогикалық этика нормалары;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

  1. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

  1. Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) “педагог”:

сәйкес келуі тиіс жалпы талаптарға қойылатын педагог-профориентатору, сондай-ақ:

мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

оқушылардың өзін-өзі кәсіби анықтау әдістемелерін әзірлеуді және байқаудан өткізуді жүзеге асырады;

кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелері бойынша оқушылардың қызығушылықтарына зерттеу жүргізеді;

өңірлік еңбек нарығындағы қажеттіліктер туралы әдістемелік және анықтамалық материалдарды жинауды, талдауды және жүйелеуді жүзеге асырады;

2) “педагог – модератор”:

“педагог” біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

оқушыларға еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес мамандық таңдауға көмек көрсетеді, әр оқушының жеке бағытын жасауды үйлестіреді;

ұйымдастырушы-педагогтермен-сынып жетекшілерімен, педагог-психологтармен және медицина қызметкерлерімен бірлесіп Оқушылардың психофизиологиялық дамуына, жеке қызығушылықтары мен уәждемелеріне талдау жүргізеді;

 

оқушылардың жеке ерекшеліктері мен оқу жетістіктерін диагностикалау негізінде оқушылармен, олардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен консультациялық жұмыс жүргізеді;

 

кәсіптік бағдар беру мәселелерінде әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

3) “педагог – сарапшы”:

біліктілікке сәйкес келуі тиіс: “педагог-модератор”, сондай-ақ:

оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау және мансапты жоспарлау мәселелерінде бағдарламаларды, ережелерді, жоспарларды, меморандумдарды, әлеуметтік практикаларды, жобаларды және өзге де құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

жеке сандық білім беру ресурстарын жасайды;

өңірлік еңбек нарығындағы қажеттіліктер туралы әдістемелік және анықтамалық материалдарды жинауды, талдауды және жүйелеуді жүзеге асырады;

кәсіби кеңес беру мен кәсіптік бағдарлау жұмысының заманауи отандық, шетелдік тәжірибесін жинақтайды, жүйелейді және практикаға енгізеді;

4) “педагог-зерттеуші”:

“педагог-сарапшы” біліктілігіне, сондай-ақ:

азаматтық сана-сезімі мен патриотизмі бар оқушы тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылардың жеке қабілеттері мен академиялық адалдығын дамытуға ықпал етеді;

оқушылардың жеке қабілеттерін диагностикалаудың заманауи әдістерін қолданады, оқушылармен жұмыста нәтижелілікті қамтамасыз етеді;

оқушының қызығушылығы мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, мұғаліммен бірге негізгі және жоғары мектептерде оқу үшін бейінді пәндерді таңдауға жәрдемдеседі;

бойынша іс-шаралар, семинарлар, мастер-кластар өткізеді.

кәсіби кеңес беру және кәсіби бағдар беру жұмысы;

5) “шебер-педагог”:

“педагог-зерттеуші” біліктілігіне, сондай-ақ:

авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлдау алған, басып шығарылған оқу-әдістемелік құралдардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (тең авторы) болу;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу.

Қажетті құжаттар:

1)осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат(идентификация үшін)

3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);

4)педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелер;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020жылғы 30қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген)

7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатаның болуы туралы куәлік (бар болса);

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Құжаттарды тапсыратын орын:Қабылдау бөлмесі: 1қабат №1

Хабарландыру мектептің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланды.

Еңбек ақы мөлшері: 150-200 мың:

Уақытша қабылдау мерзімі:  тұрақты

Бос лауазымның атауы: Педагог-кәсіби бағдар беруші –  (тұрақты)

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  08 қыркүйек 2025 жыл – 16 қыркүйек  2025 жыл.
(хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелінеді )
Конкурсқа қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды мектептің қабылдау бөлмесіне электронды немесе қағаз түрінде тапсыруыңыз сұралады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

(хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелінеді )

Конкурсқа қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды мектептің қабылдау бөлмесіне электронды немесе қағаз түрінде тапсыруыңыз сұралады.

Эл. поштасы: don_shkola@mail.ru, don_shkola@mail.kz

Мектеп сайты: don.edu.kz.