Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ.
21.08.2024 жыл
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» Хромтау ауданының білім бөлімі» ММ «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ-де
- Математика пәні мұғалімі орыс – қазақ сыныбына(тұрақты )
- Бастауыш сынып мұғалімі 1 орыс сыныбына (тұрақты)
- Ағылшын тілі пәні мұғалімі (уақытша бос лауазым)
- Педагог-ұйымдастырушы (уақытша бос лауазым) орнына жұмысқа
- Тарих пәні мұғалімі (уақытша бос лауазым)
- Музыка пәні мұғалімі (тұрақты) қабылдауға конкурс жарияланады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21ақпандағы №57 бұйрығына енгізілген өзгеріс (ҚР Оқу ағарту министрінің 15.08.2023 № 259)
3-тарау, 1-параграф,11-қосымша (педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы) бойынша өтеді.
Мекеме атауы:«Ақтөбе облысының білім басқармасы,Хромтау ауданының білім бөлімі » ММ-нің «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері
Хромтау қаласы Дөң ауылы Бейбітшілік 50.
Эл. поштасы: don_shkola@mail.ru, don_shkola@mail.kz
Мектеп сайты: don.edu.kz
Телефон номері:
8/71/336/41-2-25
8-705-444-24-88
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13шілдедегі №338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022ж №121) бекітілген.
Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф, 64,66-тармақтар барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды ескеру.
Қажетті құжаттар:
1)осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып Конурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат(идентификация үшін)
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4)педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелер;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020жылғы 30қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген)
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатаның болуы туралы куәлік (бар болса)
10)техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2-жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11)11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
Құжаттарды тапсыратын орын:Қабылдау бөлмесі: 1қабат №1
Хабарландыру мектептің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланды.
Еңбек ақы мөлшері: 150-200 мың:
Уақытша қабылдау мерзімі: 1жыл
Бос лауазымның атауы:
– Математика пәні мұғалімі орыс-қазақ сыныбына (16сағат) тұрақты
– Бастауыш сынып мұғалімі орыс класына (16 сағат )тұрақты
– Ағылшын тілі пәні мұғалімі уақытша бос
– Педагог-ұйымдастырушы (1 бірлік) уақытша бос
– Тарих пәні мұғалімі (16 сағат ) уақытша бос
– Музыка пәні мұғалімі (16 сағат ) тұрақты
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22 тамыз 2 қыркүйек 2024жыл.
(хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелінеді )
Конкурсқа қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды мектептің қабылдау бөлмесіне электронды немесе қағаз түрінде тапсыруыңыз сұралады.