«Ақтөбе облысының білімбасқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі » ММ
Дөң мектеп-гимназиясы» КММ
Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» Хромтау ауданының білім бөлімі» ММ «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ-де Бастауыш класс мұғалімі қазақ класына (бала бағу демалысындағы ) педагог орнына (уақытша), жұмысқа қабылдауға конкурс жарияланады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012жылғы 21ақпандағы №57 бұйрығына енгізілген өзгеріс (ҚР Оқу ағарту министрінің 15.08.2023 № 259) 3-тарау, 1-параграф,11-қосымша (педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы) бойынша өтеді.
Мекеме атауы: «Ақтөбе облысының білім басқармасы, Хромтау ауданының білім бөлімі » ММ-нің «Дөң мектеп-гимназияы» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері Хромтау қаласы Дөң ауылы Бейбітшілік 50.
Эл. поштасы; don.shcola. @ mail.ru Телефон номері: 8 71-336/41-2-25/
Негізі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және уақытша бос лауазымның атауы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009жылғы 13шілдедегі №338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022ж №121) бекітілген.
Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф, 64,66тармақтар барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды ескеру.
Еңбек ақы мөлшері: Бастауыш класс мұғалімі- 160-180 мың тг. Бос лауазымның атауы: Бастауыш класс мұғалімі қазақ класына -1(16 сағат).
Уақытша қабылдау мерзімі: 1 жыл Бастауыш класс мұғалімі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі; 15-23 қараша 2023 жыл.(хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелінеді )
Конкурсқа қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды мектептің қабылдау бөлмесіне электронды немесе қағаз түрінде тапсыруыңыз сұралады.
Қажетті құжаттар:
1)осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып Конурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат(идентификация үшін)
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4)педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелер;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген)
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатаның болуы туралы куәлік (бар болса).
10)техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2-жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11)11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;