Дөң   орта мектебі бойынша Наурыз мерекесінің аталып өтілуі туралы мәлімет

Дөң  орта мектебінде Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңына арнайы жоспар құрылып,бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес    мектеп іші мерекеге сай безендіріліп, қабырға газеттері ілінді. Сонымен  қатар жсопарға сай   наурыз мерекесіне аналған тақырыптық ертеңгіліктер, сайыстар,класс сағаттары өткізілді . Дене шынықтыру пәнінің ұйымдастыруымен «Тоғыз құмалақ», «Шағын футбол», «Волейбол», «Баскетбол» ойындары өтілді. Жоспарға  сәйкес  Шағын орталық  бүлдіршіндерінің наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің -Наурыз» атты мерекелік  ертеңгілігі өтілді.Сонымен қатар наурыз айының  21.03.2017 ж күні   мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен  мерекеге арналған  «Қош келдің,Әз Наурыз » атты мерекелік концерттік бағдарлама өтілді. Мерекеде  мектеп ауласына арнайы киіз үй құрылып, арнайы қой сойылып,бас беріліп, ет ,көжеден дәм тарту таратылды.Ауыл әкімі Тұрлыбаев Дәурен Қойбағарұлы және мектеп директоры Жекеева Алтынай Шоқылқызы  халықты Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады. Наурыз мерекесіне ауыл тұрғындары келіп өз ризашылықтарын білдірді. Мерекелік концерттік бағдарламада мектебіміздің жас мамандары, «Жас Ұлан» балалар ұйымы, мектепшілік әдістемелік пәндер бірлестіктері және «Бәйтерек» балабақшасы ат салысты. Мерекелік іс-шарада қазақтың салт-дәстүрінен үзінді ретінде көріністер көрсетілді.  «Ұлыс күні қазан болса,ол жылы ақ мол болар, Ұлы кісіден бата алсан,сонда олжалы жыл болар!» дегендей мерекелік іс-шара барысында  ауыл ақсақалы  Егізбаев Кеңес ақсақалымыздан бата алынды.Сонымен қатар дене тәрбие пәнінің ұйымдастыруымен спорттық жарыстар өтілді. Мерекеге қатысушыларға,спорттық жарысқа қатысушы  жеңімпаздарына арнайы мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталынды.