Дөң орта мектебінде 7.03.2017 ж күні «Ана-өмірдің гүлі» атты тақырыппен мерекелік концерттік бағдарлама өтілді. Мерекелік коцертке мектебіміздің ардагер ұстаздары, мектеп түлектері сонымен қатар мектеп ұстаздары шақырылды. Іс-шара барысында мектебіміздің «Жас Ұлан» балалар ұйымы және мектептің жас мамандары белсенділік таныта білді. Яғни, оқушылар аналарымызға,ұстаздарымызға,аяулы қыздарымызға «Аяулы ана», «Әсем ән», әндерін арнап, би билеп қошемет көрсетті. Сонымен қатар ауылымыздың әкімі Тұрлыбаев Д.Қ мектеп директоры Жекеева А.Ш келген қонақтарымызға,ұстаздарымызға өз тілектерің білдірді.Қонаққа келген ардагер ұстаздарымыз бен түлектер өздерінің алғыстарын айтып,ризашылықтарын білдірді.
